Біреуінің жағдайы ауыр
Саран қаласындағы шахтада 3 кенші жарақат алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Telegram-дағы «Вечерняя Караганда» арнасының мәліметінше, шахтада 3 кенші жарақат алған. 2 адам амбулаторлық ем алуға жіберілген, ал үшінші кеншінің жағдайы ауыр. Ол ауруханаға жатқызылды.
Бұған дейін Қарағанды облысындағы шахтада 2 жұмысшы қаза тапқаны хабарланған еді.