Павлодар облысында агроөнеркәсіпті субсидиялауға бөлінген 500 млн теңге жымқырылған
Салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды
Павлодар облысының прокуратурасы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласында тексеру жүргізіп, кешенді дамытуды мемлекеттік реттеуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, кей жағдайларда салада жалған жетістіктерді көрсету үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу туралы есепте берілген ақпарат бұрмаланған болып шықты.
Іс жүзінде субсидиялау процесі тек формалды түрде өтінімерді қабылдап, бюджет қаражатын бөлуден тұрады. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 миллион теңге болды. Мысалы, 2 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші заңсыз баю мақсатында жалпы сомасы 132 млн теңгеге техника сатып алуға субсидия алып, кейіннен басқа мақсатқа жұмсаған, – делінген прокуратура хабарламасында.
Бюджет қаражатын ұрлаудың анықталған схемалары бойынша процестік шешім қабылдау үшін материалдарды жиналып жатыр. Сондай-ақ, облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыным енгізілді.