Тұрсынбек Қабатов жоспарланған барлық концертін 2025 жылға ауыстырды

Халық үні

Ел өңірлерін аралап, концерт беруді жоспарлаған
 

Фото: instagram/tursynbek_kabatov_resmi

Шоумен Тұрсынбек Қабатов биылғы жылға жоспарланған барлық концертін келесі жылға ауыстырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Ассалаумағалейкум құрметті көрермендер. Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын. Өздеріңізді көруге асықпын, деп жазды Қабатов.