Елордалық оқушылар жерді арамшөптен тазалайтын робот ойлап тапты

Қымбат Елтайқызы

Ол бір күнде 8 гектар жерді арамшөптен тазарта алады

фото: Астана әкімдігі

Бас қаладағы БИЛ мектебінің 10-11 сынып оқушылары «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» ауқымды экоакциясы аясында егістікті арамшөптен тазалайтын робот машина ойлап тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, KazRobotix деп аталынатын 80 келі салмақтағы робот егістікке қажет емес өсімдіктерді жою үшін қолданылатын гербицид дәрісін сеуіп, тазалық жұмыстарын жүргізеді.

Оқушылар бұл роботты бір ай ішінде құрастырған, – деп қосты ведомство.

Робот бір күнде егін мен ауа райы жағдайына байланысты 4-8 гектар жерді арамшөптен тазарта алады.

Оқушы қыздардың бұл ғылыми жобасы былтыр Enactus халықаралық конкурсында бас жүлдені жеңіп алды. Бүгінде бұл жобаға бірқатар кәсіпорын қызығушылық танытып отыр.