Жетісу облысында әкімдіктің бөлім басшысы сотталды
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Жетісу облысында аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокуратураның мәліметінше, Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Прокурорлық тексеріс объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат қолды болғанын көрсетті.
Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.
Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.