Halyq Uni логотип
×

БҚО әкімдігі 100 гектардан астам жерді заңсыз берген

Учаске мемлекет меншігіне қайтарылды

 Динара Амантай 17.10.2024 | 11:35
БҚО әкімдігі 100 гектардан астам жерді заңсыз берген
Фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі заңсыз берген 100 гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

АШМ Жер ресуртарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті Орал қаласының әкімдігі мен жер қатынастары бөліміне қатысты жер заңнамасының нормаларын сақтау бойынша субъектіге (объектіге) барып профилактикалық бақылау жүргізді.

Әкімдік АҚ-ға ауданы 119,7 гектар жер учаскесін заңсыз бергені, сол арқылы ҚР Жер кодексінің 48-бабын бұзғаны анықталды. Индустриялық аймақты ұйымдастыруға арналған учаске Орал-Самара тас жолының бойында орналасқан, – делінген хабарламада.

Бүгінде нұсқама талаптарына сәйкес жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылып, заңбұзушылық жойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама