Сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақтауда синтетикалық есірткі сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі қылмысына қатысы бар жергілікті тұрғын ұсталған. Ол синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтерді жалға алған.
Қызметтік иттің көмегімен 550 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ, тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталды, – делінген хабарламада.
Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.