Алматыда жер сілкінді

Динара Амантай

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан

Фото: Halyq Uni

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін Астана уақытымен 3:23-те жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы қаласында – 2 балл, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.