×

Қазпошта тұтынушылар базасын сатуға қатысты мәлімдеме жасады

Мекеме бопсалау фактісі бойынша құқық қорғау органдарына жүгінді

 Динара Амантай 13.06.2022 | 16:33
Фото: atr.kz

«Қазпочта» АҚ өзінің тұтынушылары туралы деректер базасын сату туралы ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады.

Хакерлер форумында «Қазпочта» АҚ деректер қорының резервтік серверіне кіру туралы хабарландыру жариялаған жеке тұлға бопсалау мақсатында компанияға бірнеше рет хабарласып, ақпаратты бірнеше мың долларға сатып алуды ұсынған. Бір жыл бұрын ол ақпаратты үшінші тарап серверінен алған. Қазпошта серверлерінен сыртқа ешқандай ақпарат таралған жоқ, – деп мәлімдеді «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл ақпарат құқық қорғау органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді. Компанияның хабарлауынша, ақпараттық қауіпсіздік мамандары «Қазпошта» тұтынушыларының жеке деректері бар екенін растамаған. Қазір бұл мәселе құқық қорғау органдарымен пысықталып, тұлғаны жауапкершілікке тарту мақсатында шаралар қабылданып жатыр.

Еске сала кетек, бұған дейін әлеуметтік желіде «Қазақстан почтасы» АҚ («Қазпошта» АҚ) деректер қорының резервтік көшірмесі бар серверге кіру сатылымға шығарылғаны туралы хабар тараған еді. Сатушының мәліметінше (PostgreSQL), деректер базасында 110 ГБ ақпарат және шамамен 12 миллион жазба бар. Оның ішінде тұтынушылардың толық аты-жөні, мекенжайы, телефоны, туған күні, жынысы, салық нөмірі сияқты деректер берілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама