Halyq Uni логотип
×

17 қазанда оңтүстік өңірлерде үсік жүреді – Қазгидромет

Қалған өңірлер тұманды болады

 Халық үні 16.10.2024 | 23:20
17 қазанда оңтүстік өңірлерде үсік жүреді – Қазгидромет
фото: commons.m.wikimedia.org

«Қазгидромет» РМК мамандары ертең, 17 қазанда елдің бірнеше өңіріндегі ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Алматы облысының оңтүстігіне, тау етегіндегі, таулы аудандарына тұман түседі.

Алматыда 17 қазанда түнде тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде -1-6 градус үсік сақталады.

Түркістан облысының солтүстігіне, батысына, таулы және тау бөктерлі аудандарына тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында -3 градус үсік жүреді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі, түнде -1-3 градус үсік болады.

Маңғыстау облысының батысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысына, солтүстігіне тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігіне тұман.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама