Шиеліде үздік тәжірибелік орталық ашылды

Халық үні

Енді мұндай орталықтар №3, 6-қалалық емханаларда және Жалағаш аудандық ауруханасында ашылады

фото: Қызылорда облысының әкімдігі

25 қазан – Республика күніне орай, Қызылорда облысы Шиелі ауданының көпбейінді орталық ауруханасында аймақтағы алғашқы үздік тәжірибелік орталық ашылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оған қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру шаралары туралы айтып, орталықтың ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ Primary Health Care ұлттық қауымдастығының президенті, академик Төлебай Рахыпбеков ізгі тілегін білдірді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков қатысушыларды ондағы кабинеттермен және әлеуметтік-психологиялық көмек жобасымен таныстырды.

Жалпы, үздік тәжірибелік орталық жобасы былтырдан бері Premy Health Care ұлттық ассоциациясымен бірге, алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жаңа технологияларды енгізу арқылы іске асырылып отыр.

Алдағы уақытта мұндай орталықтар №3, 6-қалалық емханаларда және Жалағаш аудандық ауруханасында ашылады. Бұл халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырады.