Прокуратура табыс туралы күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырды

Динара Амантай

Оңай ақшаның соңы түрмемен аяқталуы мүмкін

Фото: Halyq Uni

Прокуратура табыс туралы күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұндай ұсыныстар есірткі бизнесіне тартуды көздеуі мүмкін.

Жалған табыс туралы хабарландырулардағы сөздер алаңдату қажет. Бұл – есірткі сатушылардың айласы, – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, 20 және 22 жастағы екі қыз оңай ақша табуға шешім қабылдап, интернетте ақша табудың оңай жолын тапқан. Қылмыстық жоспарға сәйкес кураторлардың көрсеткен мекенжайлары бойынша психотроптық заттар мен олардың аналогтарын алып, оларды бөлшектеп орап, таратқан.

Сотталушылардың жалға алған тұрғылықты пәтерінен өлшеп оралған 50 грамнан астам мефедрон тәркіленді.

Сот үкімімен сотталушылардың әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.