Оның құрамында қазақстандық Pop MMA спортшылары да болған
Алматыда кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қалалық ПД ҰҚҚКБ ҚР ҰҚК-мен бірлесіп, Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстау іс-шарасын жүргізді.
Қылмыстық топтың құрамында еліміздің Pop MMA спортшылары да болған. Қазір олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.
Ұсталғандарға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.