Жыл басынан бері 88 нұсқама беріліп, 40 ақау тіркелді
Екібастұзда жолға жауапты 20 адам әлеуметтік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында әкімшілік полиция бөлімі жол-техникалық инспекциясының мамандары республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын тұрақты түрде бақылауда ұстап, олардағы ақауларды анықтау шараларын жүргізіп жатыр.
2024 жылдың басынан бері жүргізілген тексерулер нәтижесінде 88 нұсқама беріліп, 40 ақау тіркелді. Жолдағы кемшіліктерді жою бойынша тиісті нұсқамалар жолданып, автожолдарды күтіп ұстауға жауапты 20 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Нұрғазы Жәмшитов.
Екібастұз аумағындағы жалпы пайдаланымдағы автожолдардың ұзындығы – 733,5 шақырым, оның ішінде 233 шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар, 60 шақырымы – облыстық және 279,4 шақырымы – аудандық деңгейдегі автожолдар. Қала ішінде елдімекендердегі көше-жол желісінің ұзындығы – 185,1 шақырым.
Сонымен қатар, көше-жол инфрақұрылымындағы ақауларды жою үшін қаланың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар жіберілді, – деп қосты тәртіп сақшысы.