Жұмысшы жансақтау бөлімінен бейінді бөлімге ауыстырылды
10 маусымда «АрселорМиттал Теміртау» цехтарының бірінде металлургиялық пешті жөндеу кезінде 4 адам қаза тауып, бір адам ауруханаға түсті.
Апаттан аман қалған қалған жұмысшы жансақтау бөлімінен бейінді бөлімге ауыстырылды. Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері науқастың есін білетінін, жағдайы тұрақты екенін айтқан.
«Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты, оң динамика байқалады. Науқас жансақтау бөлімінен мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Есін біледі, гемодинамикалық көрсеткіштері қалыпты диапазонда. Толық ем қабылдап жатыр», - деді басқарма өкілдері.
«АрселорМиттал Теміртауда» отқа төзімді материалдармен жұмыс жасайтын мамандар қазаға ұшырады. Қайғылы оқиға жұмыс жасамайтын жылу пешіндегі отқа төзімді материалды бөлшектеу кезінде болды.