Halyq Uni логотип
×

Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды

 Динара Амантай 16.10.2024 | 11:22
Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Түркістан облысы прокуратурасының мәліметінше, білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған. Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысып жатыр, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді.

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңгеге мүліктері бұғатталды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама