Алматыда аграрлық университетке қарасты мекеменің директоры сотталды

Динара Амантай

Сотталушы ақша жымқырған

Фото: Halyq Uni

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне қарасты шаруашылық директоры ақша жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала прокуратурасының мәліметінше, 2020 жылы университет жалпы көлемі 43,8 млн теңгеге қант жүгерісінің тұқымын, «аммофос» минералды тыңайтқышы мен аммиакты селитраны сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасасқаны анықталған. Тексеру жоғарыда аталған тауарлардың іс жүзінде жеткізілмегенін, ақша қаражатының қолма-қол ақшаға айналдырылғанын көрсетті.

№2 Медеу аудандық сотының үкімімен университеттің «Саймасай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.