×

Қызылорда облысында суармалы жерлерді пайдалану бойынша мемлекеттік бақылау күшейтілді

Бірнеше агроқұрылымдарға айыппұл салынды

 Динара Амантай 15.10.2024 | 14:03
Фото: Halyq Uni

Қызылорда облысында суармалы инженерлік дайындаған жерлерді пайдалану бойынша мемлекеттік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облыстық департаменті суармалы инженерлік дайындалған жерлердің пайдаланылуын мемлекеттік бақылау нәтижесінде 133 агроқұрылымы 14,3 мың гектар көлеміндегі 197 жер учаскесінде егіндерді алмастыру (ротация) схемаларын сақтамайтындығын анықтады.

Жер кодексінің 99-бабының талаптарына сәйкес, суармалы инженерлік дайындалған жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар егіндерді алмастыру схемасын сақтау, қажетті мелиорациялық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ учаскеде бар суару және коллектор-дренаждық жүйелерді тиісті жағдайда ұстау міндетті.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 338-бабына сәйкес, құқықбұзушылық жасаған агроқұрылымдарға 114 факт бойынша ескертулер түрінде әкімшілік жазалар қолданылды, сондай-ақ 19 факт бойынша құқықбұзушылықты қайталағаны үшін 6,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, – делінген АШМ хабарламасында.

Әкімшілік жазаларымен қатар, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 93, 99, 148-баптарына сәйкес құқықбұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама