Мекеме мұнай құбырларын тазартуға қолданылған сұйықтықты топыраққа төккен
Жаңаөзенде жерді ластаған компанияға 4 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қала прокуратурасының мәліметінше, «SAAT Group» ЖШС мұнай құбырларын тазартуға қолданылған сұйықтықты топыраққа төккен. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша алынған топырақтың эксперименттік сынамаларында мұнай өнімдері табылды.
Қала прокуратурасының актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы 4-бөлігі, 332-бабы 1-бөлігі және 337-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 4 млн теңгеге айыппұл салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.