Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында қос азаматтығы бар әйел анықталды

Оған 5 жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды

 Динара Амантай 15.10.2024 | 12:08
Қостанай облысында қос азаматтығы бар әйел анықталды
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында қос азаматтығы бар әйел анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұзынкөл ауданында көші-қон қызметінің қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, 24 жастағы Қазақстан азаматының қос азаматтығы дерегін анықтады. Шекарадан өту кезінде мемлекеттік өткізу пунктіндегі тексеру барысында ол 2024 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны анықталды, бірақ бұл туралы мүдделі мемлекеттік органдарға белгіленген мерзімде – 30 күн ішінде хабарламаған.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасына кіруге тыйым сала отырып, елден шығару түріндегі жаза тағайындады, – делінген полиция хабарламасында.

Қос азаматтық жағдайларының алдын алу және анықтау үшін Қостанай облысының көші-қон қызметі түрлі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстанда және басқа елде бір мезгілде зейнетақы төлемдерін алатын адамдарды анықтау үшін зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтармен де жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, азаматтық саласындағы заңнаманың бұзылуы көші-қон қызметінің мамандары күн сайын жүргізетін жүйелі есепке алу арқылы анықталады. Айта кетсек, жыл басынан бері ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны үшін, сондай-ақ шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін 40-тан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама