Сот мекеме қамқорлығының күшін жойды
Сау адамды психоневрологиялық орталыққа жатқызған қызметкерлер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Павлодар облыстық прокуратураның мәліметінше, ауданының қадағалау органы тексеру барысында ақыл-есі дұрыс адамның психоневрологиялық орталықта болғанын анықтаған. Бұл адамның мамандандырылған мекеменің қамқорлығына 2008 жылы сот шешімімен орналастырылғаны белгілі болды.
Прокуратураның араласуынан кейін мамандар аталған азаматтың денсаулық жағдайының оң динамикасын атап өтті, ал орталық қызметкерлері оны назардан тыс қалдырған.
Осыған байланысты сот Павлодар ауданы прокурорының талап арызы бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізгеннен кейін, жоғарыда аталған адамды өз бетінше әрекетке қабілетті деп танып, психоневрологиялық орталық қамқорлығының күшін жойды, ал кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.