×

Антикор қазақстандықтарға ескерту жасады

Алаяқтар жаңа әдістерді қолдана бастады

 Динара Амантай 15.10.2024 | 10:21
Фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар жаңа әдістерді пайдаланып, қазақстандықтардың жеке деректерін иемденуге көшкенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикордың мәліметінше, алаяқтар жасанды интеллект технологиясын пайдаланып, әлеуметтік желіде ақылы негізде адвокаттық қызметті ұсыну бойынша сілтемелерді басуға және жеке мәліметтерін беруге үгіттейді. Олар таратқан бейнежазбалар монтаждалған кадрлардан құралып, жалған дыбыстық сүйемелдеу жүргізілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Халық заңгері» акциясы аясындағы барлық заң консультациялары тегін негізде берілетінін еске салады. Аталмыш шара тек офлайн форматта өткізіледі.

Халықты жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Осындай қоңыраулар мен таратылымдарды алған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз, – делінген Антикор хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама