Атырауда емхананың бас бухгалтері 8 жылға сотталды

Халық үні

Сот үкімі заңды күшіне енді

Фото: Halyq Uni

Атырауда қалалық емхананың бас бухгалтері 8 жылға сотталды. Ол өзіне сеніп тапсырылған 573 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қылмыстық іс қаланың №2 сотында қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабының 1-бөлігі негізінде қаралды.

Сотта әйелдің қызмет бабын пайдаланып, қасақана пайдақорлық ниетпен 2012-2023 жылдары өзіне сеніп тапсырылған 573 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденіп, банктердегі өз есепшотына аударғаны анықталды.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатты мәмілелер жасасу арқылы заңдастырған.

Істі қарау барысында сотталушы 3 млн теңгені өтеді. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, шынайы түрде өкініп, жеңіл жаза түрін тағайындауды сұраған.

Сотталушы тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылды, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.