×

Қазақстанның Германия мен Ливандағы елшілері тағайындалды

Президент тиісті құжаттарға қол қойды

 Қымбат Елтайқызы 13.06.2022 | 14:45
коллаж: Halyq Uni

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Президенті Кеңсесінің бастығы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

«Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстанның Германиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды», – делінген ақпаратта.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстанның Ливандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Қазақстанда орыс тіліне төнген қауіп жоқ - Ресейдегі елші. Бізде орыс тілінің емес, қазақ тілінің ғана проблемасы бар – Ресейдегі қазақ елшісі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама