Астанаға Армения президенті келді

Дәурен Ерболат

Ынтымақтастықты нығайту мәселесі талқыланады

Фото: armenpress

Қазақстанға Армения президенті Ваагн Хачатурян ресми сапармен келді, деп хабарлайды Armenpress.am.

Мемлекет басшысын Астана халықаралық әуежайында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин күтіп алды.

Қазақстан мен Армения президенттері ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін талқылайды, - деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлескені хабарланған еді.