Астанаға Армения президенті келді
Ынтымақтастықты нығайту мәселесі талқыланады
Қазақстанға Армения президенті Ваагн Хачатурян ресми сапармен келді, деп хабарлайды Armenpress.am.
Мемлекет басшысын Астана халықаралық әуежайында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин күтіп алды.
Қазақстан мен Армения президенттері ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін талқылайды, - деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлескені хабарланған еді.