×

Тоқаев Армения премьер-министрімен өзекті мәселелерді талқылады

Өзара уағдаластықтарды сапалы іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды

 Динара Амантай 14.10.2024 | 17:01
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Қазақстан президентінің биылғы сәуірде Арменияға жасаған ресми сапары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты

Серіктес жаңалықтары

Сараптама