Қазақстан Испаниямен ынтымақтастықты нығайтады
Қос ел диалогты жалғастыруға келісті
Мадридте Қазақстанның Испаниядағы елшісі Данат Мұсаев Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігі БҰҰ, халықаралық ұйымдар және адам құқығы жөніндегі бас директоры Сесилия Роблеспен кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Кездесу барысында тараптар көпжақты дипломатия тұрғысынан өзара іс-қимылдың өзекті мәселесі бойынша «сағат теңестірді».
Елші Қазақстанның халықаралық құрылымдар шеңберінде ілгерілетіп жатқан соңғы бастамалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Данат Мұсаев олардың көпшілігін іске асыру үшін өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайту керегін атап өтті.
Сесилия Роблес қазіргі жаһандық сын-қатер жағдайында Қазақстанның көптеген алаңдағы қызметіне оң баға берді.
Тараптар көпжақты бағытта Қазақстан мен Испания арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға негіз болатын диалогты жалғастыруға келісті.