Министрлік іс-шаралар жоспарын ұсынды
Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Күзгі демалыс кезеңі 2024 жылдың 28 қазаны мен 3 қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады.
Министрлік мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынды. Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
Бастысы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.