×

Мемлекетке 177 млрд теңге қайтарылды – Бас прокуратура

Қаржы әлеуметтік және экономикалық жобаларды іске асыру үшін пайдаланылады

 Динара Амантай 14.10.2024 | 15:21
Фото: Halyq Uni

Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор бүгінде 177 млрд теңгеден астам қаражатпен толықтырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тізілім субъектілерімен жасалған келісімдердің нәтижелері бойынша шамамен 147 млрд теңге, процестік келісімдері бойынша 19 млрд теңге, активтерді өткізуден 6 млрд теңгеден астам, соттардың шешімдері бойынша шамамен 5 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті жалға беруден 165 млн теңгеден астам қаражат түсті, – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, өткізілген активтердің ішінде екі вилла, әкімшілік ғимарат, тұрғын үй, пәтер, жер учаскесі және екі автокөлік бар.

Алматыда «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінен жер 176 млн теңге бағамен қабылданып, 657 млн теңгеге, яғни бастапқы бағалау құнынан 4 есе артық сатылған. Сонымен қатар, тізілім субъектілерімен келісімдер бойынша арнаулы мемлекеттік қорды 150 млрд теңгеден астам қаражатпен қосымша толықтыру күтіледі, – делінген хабарламада.

Барлық қайтарылған қаражат елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыру үшін пайдаланылатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама