Зардап шеккендер жоқ
Семейде өрттен 13 адам құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Шәкәрім даңғылының бойында он қабатты тұрғын үйдің 6-қабатында 15 шаршы метр алаңда балкон өртенген.
Өрт сөндірушілер пәтерлерден 13 адамды, оның ішінде 9 баланы құтқарды. Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Ведомство өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертті.