Әкімдік бұйрығының күші жойылды
Павлодар облысында 1,4 мың кәсіпкерге жер салығы заңсыз салынған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокуратура мәліметінше, Ақсу қалалық мәслихаты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салықтық мөлшерлемелерін негізсіз 10-нан 50%-ға дейін ұлғайтқан. Салық кодексінің талаптары бойынша жердің осы түріне мөлшерлемені көтеруге жол берілмейді.
Осыған байланысты Ақсу қаласының прокуратурасы мәслихат шешіміне наразылық білдірді. Нәтижесінде салық міндеттемелері төмендетілген 760-тан астам кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Баянауыл ауданының прокуратурасы 650-ден астам бизнес субъектісінің құқығын қозғайтын аумақтық мәслихаттың осыған ұқсас шешіміне наразылық білдірді.