Қазақстан азаматтығын алатындар сынақтан қанша ұпай алуы керек

Динара Амантай

Министрлік жаңа талаптарды бекітті

Фото: Halyq Uni

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға қатысты жаңа талаптарды бекітті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде 36 (отыз алты) балдан кем емес, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін 9 (тоғыз) балдан кем емес, сондай-ақ Қазақстан тарихын 15 (он бес) балдан кем емес білу көлемі бекітілсін, – делінген құжатта.

Тиісті бұйрық 12 қазаннан бастап күшіне енді.