Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда Telegram кеңсесі ашылады

Шара заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттауға бағытталған

 Динара Амантай 14.10.2024 | 12:10
Қазақстанда Telegram кеңсесі ашылады
Фото: ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Қазақстанда контенттерді бақылауды арттыру үшін Telegram өкілі тағайындалып, кеңсесі ашылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев пен Meta мен Apple сияқты ірі компаниялардың өкілдерімен кездесу барысында белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кездесуде мәліметтер қауіпсіздігі, жалған аккаунттармен күрес және пайдаланушыларды қорғауға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Біз, сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді — бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам, — деп атап өтті Жаслан Мадиев.

Сонымен қатар, министрлік Meta компаниясымен алаяқтық схемаларға қарсы күрес жұмыстарын бастауға алды. Meta өкілдері Қазақстан тап болып отырған интернет-алаяқтық көптеген елдер үшін ортақ проблема екенін атап өтті. Соңғы тоқсанда Meta жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, әлем бойынша 1,2 миллиард жалған аккаунтты бұғаттады.

Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтардың цифрлық платформаларда қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді инфрақұрылымды құру үшін халықаралық серіктестермен жұмысын жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама