Алматыда жедел құлақтандыру жүйесі тексеріледі

Динара Амантай

iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға хабарлама алғашқы рет жіберіледі

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда 17 қазанда жедел құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала әкімдігінің мәліметінше, сол күні Mass Alert жүйесі жаппай сынақтан өткізіледі. iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға хабарлама алғашқы рет жіберіледі.

Сынақ хабарламалары «Президенттік ескерту» немесе «Ұлттық ескерту» белгісімен келеді, себебі бұл халықаралық сипаттама, ол барлық телефонның операциялық жүйесінде жедел құлақтандыру іске қосылған кезде қолданылады, – делінген хабарламада.

Қала тұрғындары мен қала қонақтарына алаңдаудың қажеті жоқ екендігі айтылды. Сондай-ақ, iPhone қолданушыларына хабарламаларды алу үшін құрылғыларын iOS 18 нұсқасына «Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту» жолымен жаңарту керек.

Бұған дейін 31 мамырда Android жүйесіне арналған сынақ сәтті өткен болатын.