Halyq Uni логотип
×

Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті

Оның ұзындығы 1,3 мың метрден асады

 Динара Амантай 14.10.2024 | 11:15
Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін, ұзындығы 1316 метр болатын Қазақстандағы ең ұзын көпір екі жолақты көпір арнайы сынақтан өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көлік министрлігінің мәліметінше, көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тонна болатын 15 жүк көлігі тартылған. Арнайы құрылғылар көпірдегі деформация, діріл (вибрация) және жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды.

Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады, – делінген министрлік хабарламасында.

Екі жолақты көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан және Алтай аудандары арасында көліктердің жыл бойы үздіксіз жүруі үшін қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама