Олар мемлекеттік секторда жұмыс істейді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлер саны өсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның пікірінше, бұл – алаңдайтын жағдай.
Әлеуметтанушылардың айтуынша, Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлер феномені белең алып жатыр. Мысалы, адамдар толық жұмыс күні істесе де, жалақысы кедейлік шегінен аспайды. Әсіресе, бұл мемлекеттік секторға қатысты. Олар – кітапханашылар, бухгалтерлер, техникалық қызметкерлер және тағы басқа. Олар толық жұмыс күні істеп, алатын жалақысы бойынша кедейлік шегінде тұр. Бұл да өте қауіпті жағдай, – деді Асхат Аймағамбетов Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова алдағы 3 жылда Қазақстанда 820 мыңнан аса сапалы жұмыс орны ашылатынын айтқан болатын.