Шахтинскіде әскери қызметшінің мәйіті табылды

Халық үні

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: Halyq Uni

Шахтинск қаласында әскери қызметшінің мәйіті табылды. Ақпаратты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алдын ала ақпарат бойынша, Ұлттық ұланының «Орталық» аймақтық қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша жұмыс істеген әскери өзіне қол салған. Оқиға 13 қазанда болған. Әскеридің мәйіті Шахтинск қаласындағы тұрғылықты жерінен қызметтен тыс уақытта табылды. Оның тұрмыстық жанжал салдарынан суицид жасағаны айтылды.

Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мәнжайы анықталды.