Баспана кілтін президент кеңесшісі Берік Уәли табыстады
Бүркітші Айшолпанға Шығыс Қазақстан халқы атынан екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға сай, бүркітшіге пәтер кілтін облыс халқы атынан президент кеңесшісі Берік Уәли табыстады. Бұл сый ШҚО-да өткен іс-шара барысында берілді. Бұған қоса, бүркітшілердің бірі қыран құсын Айшолпанға сыйлады.
«Қазақтың қастерлі өнерін жаһанға паш етіп жүрген Айшолпан батыр қызымызға Берік Уәли ағамыз 2 бөлмелі пәтер кілтін табыс етіпті. Құтты болсын», – деп жазды журналист Ержан Төлек Facebook парағында.