×

Назгүл Сағындықова жаңа лауазымға тағайындалды

Бұған дейін Руслан Сәкеев осы қызметтен босатылған

 Динара Амантай 13.06.2022 | 13:55
Фото: gov.kz

Үкіметінің қаулысымен Назгүл Ерікқызы Сағындықова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл Сағындықова 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының жетекші маманының м.а. болып бастады.

2001-2005 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

 2005-2018 жылдары — «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басшылық қызметтерін атқарды.

2018-2020 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі инспекторының м.а., инспекторы — Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі.

2020 жылғы қарашадан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі — Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Руслан Сәкеев Еңбек министрінің орынбасары қызметінен босатылғанын хабарладық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Қазпоштаға» жаңа басшы тағайындалды

Ол шетелде жауапты қызметтер атқарған
03.10.2022 | 10:46

Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды
03.10.2022 | 10:40

ШҚО мен Ұлытау облысы - білім алмаған немесе тұрақты жұмысы жоқ жастар саны бойынша көш бастап тұр

Елімізде білімі бар 15 пен 28 жас аралығындағы жастар саны - 3,24 млн адам
03.10.2022 | 10:31