Армения президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Қымбат Елтайқызы

Оның не үшін келетіні айтылды

фото: president.am

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады, – деп мәлімдеді Ақорда.

Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.