Армения президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Оның не үшін келетіні айтылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады, – деп мәлімдеді Ақорда.
Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.