Хат мазмұны белгілі болды
Мемлекет басшысы Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король VI Фелипені Испанияның ұлттық күнімен құттықтап, корольдікті іргесі берік, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық сахнадағы беделі жоғары мемлекет ретінде бағалады, деп мәлімдеді Ақорда.
Президент Қазақстан және Испания арасындағы стратегиялық серіктестік уақыт өткен сайын нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап, бірлескен күш-жігер арқылы өзара тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді, – делінген ақпаратта.
Тоқаев Испания королінің барлық игі бастамасына толайым табыс, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.