×

Қостанайдағы көпірде бірден 8 көлік соқтығысып қалды (ВИДЕО)

Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр

 Халық үні 11.10.2024 | 23:15
фото: Қостанай облысының ПД

Бүгін Қостанайдағы үлкен көпірде үлкен жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан бірден 8 көлікке зақым келген, деп хабарлайды Halyq Uni облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, ЖКО ауа райының күрт нашарлауына байланысты болған апаттың себебі – арақашықтықтың сақталмауы. Алайда ешкім зардап шекпеген. Тек көліктерге материалдық шығын келіп отыр.

Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар болған оқиғаға құқықтық баға береді.

Еске сала кетсек, Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауып, соған байланысты құтқарушылар мен полиция жүргізушілерге жолдағы жағдайға қатысты ескерту жасады. Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты тасжолдар жабылып, СҚО-да жол жүрісіне шектеу енгізілді.

Ертең Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама