Halyq Uni логотип
×

Еліміздің барлық аумағында ескерту жасалды

Қар, боран, көктайғақ...

 Халық үні 11.10.2024 | 23:00
Еліміздің барлық аумағында ескерту жасалды
фото: Тұрар Қазанғапов

Ертең, 12 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының нашарлауы күтіледі. Синоптиктер соған байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ертең Астанада қар, боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 17-22 м/с.

12 қазанда Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ, төменгі боран болады деп болжанып отыр. Облыстың солтүстігінде, батысында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Сенбі күні Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде қалады.

Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, ал Қарағанды қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.

Алдағы түнде Қызылорда облысының солтүстігіне тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде орталық пен оңтүстікте екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың орталығы мен солтүстігінде өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады, ал батысында өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Павлодарда 12 қазанда түнде қатты қар және көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде боран және көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

12 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысына қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, желдің екпіні солтүстікте, шығыста және оңтүстікте – 15-20 м/с, кей жерде 25 м/с-ке дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алдағы түнде Қостанай облысының көп бөлігінде, күндіз оңтүстігінде және орталығында боран және көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігіне тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

12 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында да тұман күтіледі.

Cенбі күні Батыс Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Облыстың солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде, ал батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында өрт қаупі өте жоғары деңгейде қалады.

Ертең Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Облыстың шөлді аймақтарында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

12 қазанда Көкшетауда түнде қар, боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама