×

Шұғыл: бүгін Ақмола облысында жолдар жабылды

СҚО-да барлық көлік қозғалысына шектеу қойылып отыр

 Халық үні 11.10.2024 | 19:50
фото: polisia.kz

Ауа райының қолайсыздығына орай, қазір Ақмола облысында жолдар жабылып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni «Қазавтожол» ҰК» АҚ СҚО филиалына сілтеме жасап.

Соған байланысты, 2024 жылғы 11 қазанда сағат 19:30-дан бастап, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Шектеу шаралары мына автожолдар учаскесінде іске асырылып отыр:

  • А-1 «Астана-Петропавл» жолының 341-367-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Келлеровка ауылына дейін);
  • А-13 «Көкшетау-Омбы» жолының 50-54-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Чкалово ауылына дейін);
  • Р-11 «Көкшетау-Рузаевка» жолының 61-91-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына дейін).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама