×

Қостанай облысының жүргізушілеріне де ескерту жасалды

Өңірде күн күрт суытады

 Дәурен Ерболат 11.10.2024 | 18:01
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында полиция ауа райының күрт сууына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрметті жүргізушілер, 11-12 қазанда ауа райы күрт өзгереді. Облыста жел күшейіп, қара аралас жаңбыр жауады. Сондықтан сіздерден жол ережесін сақтауды, жылдамдық ережесін бұзбауды, арақашықтықты сақтауды, алыс сапарға жолға шықпауды сұраймыз, - деді Қостанай облысы ПД патрульдік полиция взводының командирі Медет Қойшығұлов.

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері Қостанай облысында қар аралас жаңбыр жауып, боран мен көктайғақ болады, желдің күші 28 м/с-ке дейін жетеді, ауа температурасы минус 2 градусқа дейін төмендейді.

Бұған дейін СҚО-да полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама