Елде 240 перзентхана бар
2021 жылдан бастап мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 8 мыңға жуық бала дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әйелдердің денсаулығын нығайту және профилактикалық тексерулермен, прегравидалық даярлықпен және контрацепциямен қамтуды арттыру үшін «Аналар саулығы»бағдарламасы іске асырылып жатыр. Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет жүктілікке прегравидарлық дайындық жүргізу бойынша клиникалық хаттама бекітілді, онда халықаралық ұсынымдар ескерілді, – деп атап өтті ДСМ департаментінің басшысы.
Жүкті және босанған әйелдерге еліміздің 240 перзентханасында медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық ұйымдарда 9 мыңнан астам төсек орналастырылған, оның 43%-ы әйелдерді ауылдық деңгейде қабылдайды.