Ауа температурасы минус 10 градусқа дейін төмендейді
Синоптиктер 11-13 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы арктикалық суықтың эпицентріне айналады.
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Орталықта және шығыста қатты қар жауады, жолда көріну қашықтығы нашарлайды, көктайғақ болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр, таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр, - деп жазылған хабарламада.
Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Еліміздің батысында ғана антициклонның әсерінен ашық ауа-райы болжанады. Бірақ антициклон түнде ауа температурасының минус 5-10 градус аязға дейін төмендеуін күшейтеді. Қалған аумақта минус 2-10 градус суық, тек оңтүстік өңірлерде түнде плюс 5-10 градус жылы болады, - деп жазылған хабарламада.