Теңге тағы құнсыздана ма?
Астанадағы айырбастау пунктерінде бір доллар 484-490 теңге аралығында сатылып жатыр
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов «Доллар бағамы 500 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Біз теңгенің құнсыздануына ықпал ететін іргелі факторларды байқап отырған жоқпыз, - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі Қазақстанда доллардың қымбаттауына негіз жоқ екенін айтқан еді.